0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Медициналық-әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша халықты ақпараттандыру мақсатында Облыстық психикалық денсаулық орталығында Call-орталықтары ұйымдастырылды.

 Ақпаратты тегін және ақы қызметтерді көрсету тізімі мен тәртібі туралы

 8 (716 2) 50-14-48 телефон нөмірі бойынша алуға болады.

Шағымдар, ұсыныстар үшін 8 (7162) 26-47-07 телефон нөмірі бойынша алуға болады.

Ұйымның жұмыс уақыты сағат 9-дан 17 сағатқа дейін жұмыс істейді.


Хабарландыру cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталуы туралы

 

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК 2024 жылғы 17 маусым мен 21 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау басталғаны туралы хабарлайды.

 

Мүдделі тұлғалар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 7 - тармағында айқындалған тәртіппен жұмыс тобының құрамында талдау нәтижелерін талқылауға қатыса алады.

 

Талқылауға қатысу мәселелері бойынша заңгер Т.Г. Моисеенко 2024 жылғы 17 - 21 маусым аралығындағы мерзімде 77056030586 телефон нөмірі бойынша жүгінуге болады.

Жалпы ережелер
Название Скачать
1

Жалпы ережелер

Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, қалалар әкімдерінің қызметі аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері

есебінің үлгі нысаны

 

 

Жалпы ережелер

 

1) Қызмет көрсетуші  туралы мәліметтер.

ШЖҚ МКК  "Облыстық психикалық денсаулық орталығы"

 

2) Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру

Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру

Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру*

Наркологиялық ұйымнан анықтама беру*

 

* Анықтамаларды беру "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады www.egov.kz немесе ХҚКО-да. Осылайша, ОПДО іс жүзінде тек екі мемлекеттік қызмет көрсетеді.

 

мемлекеттік қызметтер саны: 2

тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны: 2 тегін

қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны: 1 электрондық нысанда, 1 қағаз нысанда

 

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру және наркологиялық ұйымнан анықтама беру қызметтері неғұрлым сұранысқа ие болып отыр. Қызметтер автоматты түрде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетіледі. www.egov.kz немесе ХҚКО

2021 жылдың ішінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру: еңбекке уақытша жарамсыздық туралы 11 анықтама берілді. Оның 2-уі қағаз түрінде, қалғандары электронды форматта

"Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі ОПДО-да іс жүзінде сұранысқа ие емес, өйткені ұйымның ерекшелігіне байланысты пациенттер дәрігерден қолдарына үзінді көшірме беруді талап етпейді. Емдеуші дәрігер стационарлық науқастың әрбір медициналық картасынан үзінді көшірмені пациенттің тұрғылықты жері бойынша учаскелік психиатр-наркологқа жібереді. Бұл ретте, барлық дәрігерлер "стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібімен танысқан және пациент осындай қызметке жүгінген жағдайда, үзінді көшірме дереу берілетін болады.

2021 жылы пациенттерге қағаз түрінде берілген үзінді көшірмеге жүгінудің тек 2 жағдайы болды.

 

 

Қызмет алушылармен жұмыс

 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:

Ұйымның сайты, стендтер, әлеуметтік желілердегі бет.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

ОПДО бөлімшелері ұжымдарының жиналыстарында стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру және еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі талқыланды

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері:

Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру және наркологиялық ұйымнан анықтама беру қызметтері автоматтандырылды.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту мақсатында "Денсаулық сақтау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту туралы" семинар – кеңестер өткізілді. Қызмет көрсетушілердің әрекеттеріне азаматтардан Жағымсыз пікірлер қалдыруға жол бермеу. Қатысушылар: облыстық психикалық денсаулық орталығының мамандары.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат:

Шағымдар түскен жоқ.

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.