0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Медициналық-әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша халықты ақпараттандыру мақсатында Облыстық психикалық денсаулық орталығында Call-орталықтары ұйымдастырылды.

 Ақпаратты тегін және ақы қызметтерді көрсету тізімі мен тәртібі туралы

 8 (716 2) 50-14-48 телефон нөмірі бойынша алуға болады.

Шағымдар, ұсыныстар үшін 8 (7162) 26-47-07 телефон нөмірі бойынша алуға болады.

Ұйымның жұмыс уақыты сағат 9-дан 17 сағатқа дейін жұмыс істейді.


Хабарландыру cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталуы туралы

 

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК 2024 жылғы 17 маусым мен 21 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау басталғаны туралы хабарлайды.

 

Мүдделі тұлғалар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 7 - тармағында айқындалған тәртіппен жұмыс тобының құрамында талдау нәтижелерін талқылауға қатыса алады.

 

Талқылауға қатысу мәселелері бойынша заңгер Т.Г. Моисеенко 2024 жылғы 17 - 21 маусым аралығындағы мерзімде 77056030586 телефон нөмірі бойынша жүгінуге болады.

Наркология бойынша сұрақтар
  1. Еліміздегі психикалық денсаулық орталықтарының саны қанша және олар қайда орналасқан? Олардың саны жеткілікті ме? Сыйымдылығы қандай?

Қазақстанда психикалық белсенді заттарға (ПБЗ) тәуелділігі бар науқастарға 14 облыс орталығында және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында қызмет ететін Психикалық денсаулық орталықтарында стационарлық деңгейде медициналық-әлеуметтік көмек көрсетіледі (барлығы 3782 төсек-орын). 2021 жылы 22 мыңға жуық науқас стационарлық емеуден өтсе, оның ішінде шамамен 3000 емделушінің есірткі құралдары мен психотроптық заттарға тәуелділігі болды.

Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының филиалы (Павлодар қ.) жиырма жыл бойы ПБЗ-ға тәуелділігі бар адамдарға медициналық-әлеуметтік оңалтудың кешендік бағдарламасын көрсетіп келеді.

Медициналық-әлеуметтік оңалту медициналық және әлеуметтік іс-шаралардың кешендік, өзара байланысты жүйесін қамтиды, үш кезеңнен тұрады және физикалық тәуелділіктен арылуға, психикалық тәуелділікке бақылау орнатуға, биологиялық және әлеуметтік дағдыларды қалпына келтіруге, нашақорлыққа қайта ден қоюға төзімділікті қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттерді дамытуға бағытталған.

2021 жылы РПДҒПО филиалында 793 науқас, оның ішінде есірткіге тәуелділігі бар 521 адам емдеуден өтті.

  1. Еліміздегі есірткі заттарына тәуелді азаматтардың саны бойынша ресми статистика қандай?

Ресми статистикалық деректерге сәйкес, ресми наркологиялық есепте тұратын, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды пайдаланудан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдардың саны 2021 жылы 18693 адамды (100 мың халыққа шаққанда алдын ала 98,5), 2020 жылы 20259 адамды (100 мың халыққа шаққанда 107,3) құрады.

 

1-кесте. Психикалық белсенді заттарды (ПБЗ) пайдалану салдарынан динамикалық бақылауда тұратын психикалық және мінез-құлық бұзылулары және құмар ойындарына патологиялық әуестігі бар адамдардың саны:

Диагноз

2017

2018

2019

2020

2021

Маскүнемдік

110798

102478

99487

94413

91725

Нашақорлық

24883

22748

22003

20259

18693

Ойынға тәуелділік

10

12

13

13

9

  1. Кім көбірек: ер адамдар ма, әйелдер ме? Олардың жасы қандай?

Ерлердің әйелдерге қатынасы 1:11 құрады. Негізгі жас 35-45 жасқа тура келеді.

  1. Қазақстан Республикасында жасөспірімдер арасындағы нашақорлық мәселесі қалай?

Ресми статистикалық деректерге сәйкес, соңғы бес жыл ішінде есірткі құралдары мен психотроптық заттарды пайдаланудан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылуларына байланысты динамикалық бақылауда тұрған кәмелетке толмағандар санының 2016 жылғы 159-дан (100 мың халыққа шаққанда 2,8) 2020 жылы 80 адамға (100 мың халыққа шаққанда 1,2) дейін төмендеуі байқалады.

ҚР-да 2017-2018 жылдары жүргізілген Қазақстан Республикасының жастары арасында есірткі пайдалану бойынша ұлттық зерттеудің мақсаты ПБЗ пайдаланудың клиникалық, әлеуметтік-эпидемиологиялық предикторларын және 13-18 жас тобында ПБЗ тұтынудың таралуын анықтау болды, зерттеу сауалнамадан өткендердің 1,6%-да ПБЗ-ға тәуелділік (алкоголь мен темекіден басқа) анықталғанын көрсетті.

  1. Нашақорлардың орташа жасы қандай? Адам жасы тұтынатын есірткі түріне (синтетика, табиғи текті) байланысты ма?

Ресми наркологиялық есепте тұратын, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды пайдаланудан туындаған психикалық, мінез-құлық бұзылулары бар адамдар арасында негізгі жас 40-45 жасқа тура келеді. Бұл топты негізінен апиындарға тәуелді адамдар құрайды.

Синтетикалық есірткілерге («спайстар», «тұздар») тәуелді адамдар арасында негізгі жас 30-35 жасқа; ұшқыш ерітінділерге тәуелді адамдар арасында негізгі жас 20-25 жасқа тура келеді.

  1. Нашақорлықтан зардап шегетін науқастар қалай толық сауығады?

Нашақорлық – айқын білінетін медициналық-әлеуметтік салдарымен сипатталатын созылмалы ауру. Қазіргі заманғы наркологияда емдеу табыстылығының ең жиі көрсеткіші берік ремиссия, ПБЗ тұтынудан тежелу болып табылады.

 Ресми статистикалық деректерге сәйкес, 2020 жылы Қазақстан Республикасында ұзақ мерзімдік ремиссияға байланысты емделушілердің 14,8%-ы наркологиялық есептен алынды. Медициналық-әлеуметтік оңалтудың толық курсынан өткен пациенттер арасында бұл көрсеткіш 28%-ға дейін артады.

  1. Денсаулық сақтау саласының қай заңдарында «лудомания» термині кездеседі?

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында денсаулықпен байланысты аурулар мен мәселелердің оныншы қайта қаралымдағы Халықаралық статистикалық жіктеуіші қолданылуда (АХЖ-10). Лудомания (ойын құмарлық, ойынға тәуелділік, гэмблинг тәуелділік) – құмар ойындарына патологиялық құштарлық психикалық, мінез-құлық бұзылулары, дағдылар мен әуестік бұзылулары айдарында (F 63.0 шифрі) жіктелінеді.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (31.03.2021-ғы өзгерістермен және толықтырулармен) 20-бөлімі 1-параграфымен психикалық, мінез-құлық бұзылулары (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсету мәселелері реттелінеді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығымен бекітілген стационарлық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидаларында құмар ойындарына патологиялық құштарлық тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде емдеуге жатады.

  1. Мас болу дәрежесін (жеңіл, орташа, ауыр) анықтау үшін қандағы алкогольдің/психикалық белсенді заттың сандық құрамының қатынасы (промиллемен) қандай нормативтік-құқықтық актімен реттелінген?

Қандағы алкоголь концентрациясын промилледе бағалау – шамамен алынған көрсеткіш. Қандағы алкогольдің сандық құрамының стандартты қатынасы және куәландырылушы адамның клиникалық күйін бағалау тек бағдарлы сипатқа ие, әр түрлі көздерде промилле мен мас болу дәрежесінің қатынасы әр түрлі (мысалы, Ресейде 2013 жылдан бастап мас болу күйі дем шығаратын ауаның литріне спирттің 0,16 миллиграммынан бастап анықталады (қандағы 0,3 промилле), АҚШ нормативтік қалыптарында алкогольдің әрекет ету әсерлері 0.2-0.29 ‰ басталады (FlightPhysical.com сайты).  Сондай-ақ, ересектердің мас болу дәрежесін бағалауда қолданылатын қандағы алкоголь құрамының сандары балалар мен жасөспірімдерге қатысты қолданылмайды. Сондықтан, медициналық қызметкерлердің қорытындысының негізі психикалық және соматоневрологиялық күйді кешенді бағалау түріндегі клиникалық тексеру деректері болып қала береді.

Дәрігер (медициналық қызметкер) өз тәжірибесінде маскүнемдік сараптамасы мәселелері жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды пайдалана алады (Н.Б. Ережепов, А.А. Құсайынов, М.В. Прилуцкая-Cущенко, 2011), онда дем шығаратын ауада және қанда алкоголь буларының құрамы сәйкес келеді және қан мен ауа тығыздығының қатынасын ескере отырып, қан бойынша промилледе (‰) жуықтап айқындалған деп көрсетілген.

  1. Тірі адамдар мен қайтыс болғандардың мас болу дәрежесі қалай анықталады? Қандағы алкоголь/психикалық белсенді заттың құрамы мен мас болудың, мінез-құлықтың сыртқы белгілеріне қатысты мас болу дәрежесін анықтау кезінде медициналық қызметкер/сот-медициналық сарапшы нені басшылыққа алады?

Жоғарыда көрсетіліп өткендей, қорытындыда тірі адамдардың мас болу дәрежесін белгілеу үшін алкоголь/психикалық белсенді заттың мөлшері (құрамы) емес, мас болудың клиникалық симптомдарының айқындылығы айқындаушы болып табылады. Сондықтан, медициналық қызметкер психикалық және соматоневрологиялық күйді кешенді бағалау түріндегі клиникалық тексерудің деректерін басшылыққа алады.

Сот-медициналық сараптамасы мен диагностикалау мәселелері ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығының құзыретіне жатады.

  1. Қаннан алкоголь табылған кезде адам мас емес деп танылуы мүмкін бе (0,3-0,5 промилле)?

0,5‰ мөлшерінде ағзада кездесетін алкоголь орталық жүйке жүйесіне барынша аз әсер етеді. Бұл жағдайда жоғары ықтималдылықпен субклиникалық фаза (симптомдар пайда болғанға дейінгі кезең) анықталады және «алкогольді тұтыну фактісі, алкогольді мас болу белгілері анықталмады» деген қорытынды шығарылады. Алайда, алкогольдің шекті жол берілетін мөлшері әр түрлі және адам ағзасының жеке ерекшеліктеріне тікелей байланысты болады.