0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Медициналық-әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша халықты ақпараттандыру мақсатында Облыстық психикалық денсаулық орталығында Call-орталықтары ұйымдастырылды.

 Ақпаратты тегін және ақы қызметтерді көрсету тізімі мен тәртібі туралы

 8 (716 2) 50-14-48 телефон нөмірі бойынша алуға болады.

Шағымдар, ұсыныстар үшін 8 (7162) 26-47-07 телефон нөмірі бойынша алуға болады.

Ұйымның жұмыс уақыты сағат 9-дан 17 сағатқа дейін жұмыс істейді.


Хабарландыру cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталуы туралы

 

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК 2024 жылғы 17 маусым мен 21 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау басталғаны туралы хабарлайды.

 

Мүдделі тұлғалар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 7 - тармағында айқындалған тәртіппен жұмыс тобының құрамында талдау нәтижелерін талқылауға қатыса алады.

 

Талқылауға қатысу мәселелері бойынша заңгер Т.Г. Моисеенко 2024 жылғы 17 - 21 маусым аралығындағы мерзімде 77056030586 телефон нөмірі бойынша жүгінуге болады.

Электронды және электрлік жабдықтарды экологиялық кәдеге жарату туралы жадынама

№ исх: 5714/1.2-04/8766   от: 01.06.2018

 

Мемлекеттік органдарға

және ұйымдарға

(тізім бойынша)

 

 

Адамды қоршаған орта проблемалары бойынша Стокгольм  конференциясымен (1972 жылы) 5 маусым күні «Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні» болып белгіленді. Бас Ассамблея өз қарарында мемлекеттер мен БҰҰ жүйесіндегі ұйымдарды жыл сайын осы күнде олардың қоршаған ортаны сақтауға және жақсартуға ұмтылысын растайтын іс-шараларды өткізуге шақырады.

 

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 301-бабына сәйкес полигондарда көму үшін келесі қалдықтарды қабылдауға тыйым салынады: сұйық қалдықтар; полигон шарттарында жарылғыш, коррозиялы, қышқылданатын, өрт қауіптілігі жоғары немесе өрт қауіптілігі бар болып келетін қауіпті қалдықтар; құрамында сынап бар лампалар мен аспаптар; литийлі, қорғасынды-қышқылды батареялар; электронды және электрлік жабдықтар.

 

ҚР Энергетика министрлігі Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнінің 30-жылдығын атап өту шеңберінде және қазақстандықтарды қоқыстарды бөлек жинау тәжірибесіне тарту, сондай-ақ қауіпті қалдықтарды ең қолайлы тетіктерін соның ішінде электронды және электрлік жабдықтарды анықтау мақсатында электронды және электрлік құралдарды экологиялық кәдеге жарату бойынша үгіттеу-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін жадынама жібереді.

 

Осыған байланысты, Сіздерден тұрғындарды ақпараттандыруға көмектесуді сұраймыз:

 

- мемлекеттік органдарға – Сіздердің ресми сайттарыңызда жадынаманы орналастыру және қызметкерлерге және бағынысты ұйымдарға жеткізу;

 

- әкімдіктерге – тұрғындардың коммуналдық қызметтерге ақы төлеу туралы түбіртектеріне және тұрғындарды ақпараттандырудың басқа да құралдарына жадынаманы енгізу;

 

- жеке кəсіпкерлік субъектілеріге - Сіздердің ресми сайтыңызда жəне ақпараттық стендтерде жадынаманы орналастыру, сондай-ақ электронды жəне электрлік жабдықтарды жинау үшін бекеттер орнату;

 

- білім беру және денсаулық ақтау ұйымдарына – аталған тақырыпқа қатысты экологиялық сағаттар өткізу.

 

Атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты 2018 жылдың 1 тамызына дейін жіберуді сұраймыз.

 

Қосымша 1 парақта.

 

 

Вице-министр                                                                                    Б. Джақсалиев

 

Орынд. Оқатаева Г.М., 740828 

 

Электронды және электрлік жабдықтарды

экологиялық кәдеге жарату туралы жадынама

 

Электронды және электрлік жабдықтар қалдықтарының құрамында қоршаған ортаға ғана емес, сонымен қатар адам денсаулығына да кері әсер ететін кадмий, сүрме, қорғасын, сынап сияқты қауіпті заттар және олардың қосылыстары болады. адам ағзасына түскеннен соң, олар онда ұзақ қалады және ақырындап бауырда, бүйректе, сүйекте, қалқанша безде жинақталады және онкологиялық аурулардың туындауына себеп болуы мүмкін.

 

Сондай-ақ, лазерлі принтерлерде тонерлер орнатылған, олардың химиялық құрамындағы: көміртек полимерлерінің қосылыстары, темір оксиді, органикалық қосылыстардағы қалайы және органикалық емес қоспалар, зерттеулерде көрсетілгендей бас ауруын, жөтелді, температураның көтерілуін, сырқаттануды тудырады.

 

Сонымен қатар, бармақты батареяның бір данасын «дұрыс емес» кәдеге жарату кезінде, 20 текше метр топырақ немесе 400 литрден астам ауыз су уланады.

 

Технодом, Алсер, Рамстор сауда желілерінің басшылығы эко-қораптарды орналастыру арқылы электрлік жабдықтарды жинау орындарын қамтамасыз етуде және оларды кейіннен мамандандырылған компаниялар арқылы қайта өңдейді.

 

Қалдықтар ретінде: тұрмыстық техника (теледидарлар, магнитофондар, электрлік ойыншықтар, үтіктер, энергияны үнемдеуші шамдар, батареялар, фендер, тоңазытқышты қосқандағы ас үй құралдары және т.б.), ұйымдастырушылық техника (компьютерлер мен жабдықтары, ұялы телефондар, планшеттер, көшіру аппараттары, сканерлер, тонерлер және т.б.), құрамында сынап бар қалдықтар (люминесцентті шамдар, энергия үнемдеуші шамдар, қызу өлшеуіштер және т.б.) қабылданады.

 

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 301-бабына сәйкес полигондарда көму үшін келесі қалдықтарды қабылдауға тыйым салынады: сұйық қалдықтар; полигон шарттарында жарылғыш, коррозиялы, қышқылданатын, өрт қауіптілігі жоғары немесе өрт қауіптілігі бар болып келетін қауіпті қалдықтар; құрамында сынап бар лампалар мен аспаптар; литийлі, қорғасынды-қышқылды батареялар; электронды және электрлік жабдықтар.

 

Пайдаланушыларға жарамсыз болып қалған электронды және электрлік жабдықтарды сұрыпталмайтын қалалық қалдықтарды жинау орындарына, яғни қоқыс контейнерлеріне тастауға тыйым салынады.

 

Электрлік және электронды жабдықтардың құрамында зиянды заттардың болуына байланысты, олардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына тигізетін ықтимал теріс әсерін азайту мақсатында, осы жабдықтарды өндіретін қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу үшін электронды және электрлік жабдықтардың қалдықтарын жинақтайтын қолжетімді бекеттерін қолдану қажет.

 

ҚР Энергетика министрлігі, қазақстандықтарды экологиялық тәрбиелеуді насихаттау мақсатында, тұрғындардың электронды және электрлік жабдықтарды дұрыс кәдеге жарататындығына және олардың саналылығына сенім білдіреді.

 

______________________________

 

Мемлекеттік органдардың тізімі:

 

  1. ҚР Білім және ғылым министрлігі
  2. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
  3. ҚР Ішкі істер министрлігі
  4. ҚР Сыртқы істер министрлігі
  5. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
  6. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі
  7. ҚР Ұлттық экономика министрлігі
  8. ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
  9. ҚР Қорғаныс министрлігі
  10. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
  11. ҚР Инвестициялар және даму министірлігі
  12. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
  13. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
  14. ҚР Қаржы министрлігі
  15. ҚР Әділет министрлігі
  16. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі
  17. Алматы облысының әкімдігі
  18. Ақмола облысының әкімдігі
  19. Ақтөбе облысының әкімдігі
  20. Атырау облысының әкімдігі
  21. Жамбыл облысының әкімдігі
  22. Қарағанды облысының әкімдігі
  23. Қостанай облысының әкімдігі
  24. Қызылорда облысының әкімдігі
  25. Маңғыстау облысының әкімдігі
  26. Павлодар облысының әкімдігі
  27. Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
  28. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
  29. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
  30. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
  31. Алматы қаласының әкімдігі
  32. Астана қаласының әкімдігі
  33. Ақмола облысы бойынша экология департаменті
  34. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті
  35. Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті
  36. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті
  37. Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті
  38. Қарағанды облысы бойынша экология департаменті
  39. Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті
  40. Алматы облысы бойынша экология департаменті
  41. Жамбыл облысы бойынша экология департаменті
  42. Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті
  43. Атырау облысы бойынша экология департаменті
  44. Қостанай облысы бойынша экология департаменті
  45. Павлодар облысы бойынша экология департаменті
  46. Алматы қаласы бойынша экология департаменті
  47. Қызылдорда облысы бойынша экология департаменті
  48. Астана қаласы бойынша экология департаменті

 

Ұйымдардың тізімі

 

  1. Технодом сауда желісі
  2. Сулпак сауда желісі
  3. Мечта сауда желісі
  4. Рамстор сауда желісі
  5. Магнум сауда желісі
  6. Алма сауда желісі
  7. Метро сауда желісі
  8. Мега сауда желісі
  9. Керуен сауда желісі
  10. Гринвич сауда желісі
  11. Анвар сауда желісі
  12. Бахус сауда желісі